Мектеп-мерейлі мекен,білім ордасы,болашақтың іргетасын қалаушы-киелі шаңырақ. Адам баласы қанша ғұмыр кешсе де,қандай іспен айналысса да,мектеп табалдырығында өткізген уақыты-өмірдегі ең ұмытылмас сәттері болып қалатын шығар.Білім нәрімен сусындап,болашаққа алғаш қадам басатын мекен-мектепті айдындағы бейне бір алып кемеге теңейміз.Түркістан облысының табиғаты әсем Төлеби ауданына қарасты Мәдени жалпы білім беретін мектебіне де осы теңеу лайық деп түсінеміз. Ауылмызда ең алғашқы мектеп ғимараты қазақ даласындағы ұжымдастыру кезеңі қарсаңында шамамен 1928 жылдары 4 сыныптық білім ошағы болып бой көтеріпті. Сондай-ақ,ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары 7 сыныптық, 8 сыныптық болып қайта құрылған мектебіміз 1975 жылы орта мектеп мәртебесіне ие болып,күні бүгінге дейін өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып келеді.
Егемен ел болдық. Мемлекетіміз ел ертеңі-білімді ұрпақ екенін жете ұғынып, білімді азаматтарды даярлауды басты мақсаты етіп бекітті. Мүмкіндігінше бар жағдайды жасауға ұмтылды.Сондай игілікті шаралардың бірі әрі бірегейі ауылымызда жаңа типтегі мектеп салынды. Мектеп 2 қабатты 3 ғимараттан тұрады. Әр пәнге арналған сынып бөлмелерін айтпағанда, спорт зал, кішігірім ауылдық клубқа бергісіз актив зал, сонымен қатар заманауи техникалармен жабдықталған шеберхана бөлмелері көз қуантады.
Міне, содан бері бірнеше жылдың жүзі өтті. Ғылымның қыр сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін оқушыларына үйреткен ұстаздардың арқасында мектебіміз білім мен өнер саласында өз ауданымызда көшбасшы мектептер санатында.Мектеп,білім,ұстаз деген ұлы сөздер бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.Ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі арқасында шәкірттеріміз ғылыми жоба, пән олимпиадасы, тағы сол сияқты түрлі білім сайыстарында аудан,облыс көлемінде биік белестерден көрініп жүр....
